Үйренетін нәрсе көп: ТМД бақылаушылары Қазақстандағы референдум туралы айтты

15.03.2026

Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. ТМД-дағы сайлауда немесе референдумда ерік білдірудің әртүрлі тәсілі кейіннен бір-бірінен ең жақсы тәжірибелерді алып, өз жүйелерін жетілдіруге мүмкіндік береді. Бұл туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Парламентаралық Ассамблеясының бақылаушылары айтты.

"Әр елдің өзіндік ерекшелігі бар. Кей жерде осы жердегідей бюллетень алып, дауыс берді. Бір елдер ішінара, бір елдер толығымен электронды дауыс беруге көшті. Яғни, барлық жерде оң және теріс жақтары бар. Бірақ әр мемлекет өзіне ыңғайлы әдісті таңдайды", - деп атап өтті Федеративтік құрылым аймақтық саясат жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі кеңес комитетінің басшысы Андрей Шевченко.

Оның айтуынша, осының арқасында бақылаушылар серіктес елдердің заңнамаларын жетілдіру үшін бір-бірімен ең жақсы тәжірибелерді алмасады.

© SputnikАндрей Шевченко

Андрей Шевченко

© Sputnik

"Кез келген сайлау кезінде, оны қорытындылау кезінде біз міндетті түрде әріптестерімізбен бірге өз елдеріміз үшін жақсы тәжірибе аламыз. Соның бірі - бүгін Қазақстандағы учаскелерде жұмыс қалай ұйымдастырылғанын көрдік. Менің ойымша, үйренетін нәрсе көп", - деп толықтырды Шевченко.

Жаңа Конституция жобасы бойынша референдумның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтқан ол, барлық сайлау комиссиялары жұмысын референдум өткізу туралы заң аясында қатаң тәртіппен атқарып жатқанын атап өтті. Шевченко дауыс берудің стандартты әдісі көптеген елде оң қаралатынын еске салды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью