Үкімет Алатау қаласында шетелдіктерге жер беру тәртібін түсіндірді

20.03.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Алатау қаласында шетелдіктерге жер беру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қаланың ерекше мәртебесін арнайы конституциялық заңмен бекіту жоспарланып отыр. Ал шетелдік инвесторларға жер жалға беріледі.

"Алатау қаласында барлық инвесторға, соның ішінде шетелдік инвесторларға жер тек нақты инвестициялық жобаларды іске асыруға және бизнес лицензия үшін жалға немесе басқа түрінде берілетін болады. Егер бизнес лицензия болса, онда нақты міндеттер, нақты уақыты болады. Мысалы, сол жерде екі жылдың ішінде зауыт, фабрика, университет немесе қонақ үй салмаса, онда оған айыппұл салынады. Ал тағы екі жылда ештеңе жасалмаса, жер қайтарылатын болады", - деді Бозымбаев парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Оның айтуынша, Қазақстан азаматтарына жер қазіргі заңнамамен беріледі.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью