Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Үкіметтің баспасөз қызметі мәліметінше, Ақтау энергетика компаниясы 2024 жылы Қытайдың электр энергиясын өндіретін бес ірі ұлттық компаниясының қатарына кіретін мемлекеттік China Huadian Corporation Ltd. корпорациясымен бірлесіп құрылған.
Жобаның жалпы инвестиция көлемі шамамен 108 млрд теңге. Оның 70%-ын қытайлық инвестор, ал 30%-ын қазақстандық тарап қамтамасыз етеді. «МАЭК» ЖШС алаңында салынатын бу-газ қондырғысын пайдалануға беру 2027 жылдың маусымына жоспарланған.
Фото: ҮкіметКелісім шарттарына сәйкес, инвестор қазақстандық мамандар үшін 300-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға міндеттеледі. Сонымен қатар «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша қызметкерлерді Қытайдың салалық жоғары оқу орындарында магистратурада оқытуға жыл сайын гранттар беру қарастырылған. Бұдан бөлек, қазақстандық кадрлардың біліктілігін арттыруға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыру және үздіксіз білім беру жүйесін енгізу жоспарланып отыр.
Келісім мерзімі аяқталғаннан кейін бу-газ қондырғысы «МАЭК» ЖШС теңгеріміне өтеусіз беріледі.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақтау энергетика компаниясы «МАЭК» ЖШС-нің қолданыстағы қуаттарын кеңейту жұмыстарын бастаған болатын.
Жалпы, инвестициялар қуат тапшылығын толтыруды қамтамасыз етуге, өңірді электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға және тұтастай алғанда елдің энергия жүйесінің тұрақтылығын нығайтуға мүмкіндік береді.
Бұған дейін Қызылордада 240 мегаваттық бу-газ қондырғысының құрылысы туралы жазған едік.