Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
- Бүгінге ауылдық округтердің бюджеттері 25 түрлі салықтық және салықтық емес түсімдер, сондай-ақ аудандық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен қалыптастырылады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ауылдық деңгейдегі бюджеттерге іс жүзінде 442,3 млрд теңге түскен. Оның ішінде меншікті кірістер - 147,0 млрд теңге немесе бюджеттің жалпы көлемінің 33,2 пайызы, - дейді Олжас Бектенов.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта 2025 жылғы түсімдерге әрбір ауылдық округ бөлінісінде талдау жүргізіліп жатыр.
- Кіріс базасын кеңейту мақсатында 2026 жылдан бастап кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдік балшықтар бойынша пайдалы қазбаларды өндіру салығы ауылдық округтердің бюджеттеріне берілді. Сондай-ақ жұмыс тобының аясында жекелеген салықтық түсімдерді, оның ішінде заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлік салығының 50 пайызына дейін (үлесі аудандық мәслихаттың шешімімен айқындалады), қызметтің жекелеген түрлерімен толық көлемде айналысу құқығы үшін лицензиялық алымды IV деңгейдегі бюджетке беру мәселесі пысықталып жатыр, - деп жазған.
Үкімет басшысының атап өтуінше, осы түзетулер мүдделі мемлекеттік органдармен келісіліп, Үкіметтің тиісті қорытындысы Президент Әкімшілігіне келісуге жіберілген.
Фото: freepik- Бұл түзетулер қабылданса, ауылдық округтердің бюджеттеріне 240 млрд теңгеге жуық қосымша түсімдер түседі, - деді Олжас Бектенов.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерінің диалог-платформасында ауылдық округ әкімдері өздерінің кеңейтілген өкілеттіктерін толық іске асырып, салық түсімдерін ұлғайту мақсатында қолданыстағы ақпараттық платформалармен жұмыс істей білуі қажет екенін айтқан болатын.