Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Отырыс аяқталғаннан кейін БАҚ өкілдеріне арнайы баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады. Іс-шара барысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК бас директоры Болатбек Айтбаев журналистердің сауалына жауап береді.
Айта кетейік, өткен жылы барлық жұмыс түрімен шамамен 13 мың шақырым жол қамтылды. Оның ішінде 6 мың шақырым жолда, нақты айтқанда 3 мың шақырым республикалық желіде және 3 мың шақырым жергілікті желіде жұмыс толық аяқталды. Жыл қорытындысында нормативтік жағдайдағы жолдардың үлесі республикалық желіде – 94, ал жергілікті желіде 91 пайызға жеткізілді. Автомобиль жолдарында 10 мыңнан астам техника бірлігі және шамамен 25 мың өндірістік персонал жұмылдырылды. 10 млн тоннадан астам асфальт-бетон қоспасы төселіп, 1 218 мың тонна жол битумы пайдаланылды.
Ал биыл республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының 11 мың шақырымнан астамы жобалармен қамтылмақ. Бұл жаңа құрылыс жұмыстарын да, сондай-ақ қолданыстағы жол желісін реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын да қамтиды.
Биыл Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған стратегиялық инфрақұрылымдық бағыттарды белсенді іске асыру басталады. Олардың қатарында «Орталық – Батыс», «Қарағанды – Жезқазған», «Сарыағаш қаласын айналып өту жолы» және өңірлердің көлік байланысын нығайту мен елдің транзиттік әлеуетін дамытуға ықпал ететін маңызды жобалар бар.
Фото: ҚазАвтоЖол" ҰКАвтожол саласын цифрлық трансформациялау мәселесі де ерекше назарда болады. Елде республикалық және жергілікті маңызы бар жолдар жөніндегі деректерді бірыңғай цифрлық платформаға біріктіретін «Е-Жолдар» бірыңғай ақпараттық жүйесі құрылып жатыр. Қазіргі уақытта «Жол паспорты», «Жол жөндеу» және «Қоғамдық бақылау» модульдері әзірленді. «Жол паспорты» модулін жол желісі бойынша толық әрі өзекті ақпаратпен толтыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.
2026 жылдың екінші жартысында «Талдау», «Жүргізушілерге арналған инфраорталық» және «Жағдаяттық орталық» модульдерін әзірлеу аяқталғаннан кейін жүйені пилоттық пайдалануға енгізу жоспарланып отыр. Ол цифрландыру үдерістерінің ашықтығын қамтамасыз етіп, жолдардың жай-күйін жедел мониторингілеуге, атқарылған жұмыстардың сапасын бақылауға және елдің автожол инфрақұрылымын тиімді басқаруға мүмкіндік бермек.
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптадағы Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмысына дайындық барысы пысықталды. Жиында негізгі баяндама жасаған Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың мәліметінше, биыл жалпы егіс алаңы шамамен 23,8 млн гектар болады, бұл өткен жылдан 180 мың гектарға көп.
Фото: АШМОның ішінде майлы дақылдар алаңы 55 мың гектарға, азықтық дақылдар 242 мың гектарға, арпа 94 мың гектарға, ал ұйымдастырылған шаруашылықтарда картоп алаңы 10,3 мың гектарға көбейеді.
Бұл ретте, бидай алаңы 125 мың гектарға қысқартылып, 12,1 млн гектар болды. Сонымен қатар, жүгеріні терең өңдейтін инвестициялық жобаларды шикізат базасымен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүріп жатыр. Осыған байланысты жүгері бойынша әртараптандыру индикаторларын қайта қарап, оның егіс алқаптарын кеңейтуді жоспарланған. Су пайдалану лимитіне сәйкес күріш алаңы 20,2 мың гектарға қысқартылады.
Мақта егістігі 162,4 мың гектар болып, оның ішінде тамшылатып суару алаңы 29,8 мың гектарға көбейеді. Ал дәстүрлі суару әдістері қолданылатын алаңдар 12 мың гектарға кемиді.
Фото: Kazinform— Осы жылы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарына жеңілдетілген кредит беруге 700 млрд теңге (2025 жыл — 649,3 млрд теңге) бағыттау жоспарланған. Ерте қаржыландырудың арқасында шаруалар қажетті көлемде сапалы тұқымдарды, минералдық тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын, сондай-ақ жанар-жағармай материалдары мен техниканы алдын ала және қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндіктері пайда болды. Егер 2025 жылғы егіс науқанына ерте қаржыландыру 2024 жылдың қараша айының соңында басталған болса, 2026 жылғы көктемгі дала жұмыстарына өтінімдерді қабылдау былтырғы қазан айында басталды. Осының нәтижесінде, бүгінгі күні шамамен 1 900 шаруа 200 млрд теңгеге қаржыландырылды, бұл – жалпы қаржыландыру көлемінің 27%-ы, — деді Айдарбек Сапаров.
Ал Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов көктемгі егіс жұмыстары үшін шаруаларға дизель отыны жанар-жағармай станцияларынан 15 пайызға арзанырақ бағамен берілетіндігін айтты.
– Шаруаларға арналған дизель отыны қозғалысының ашықтығы мен бақылауын қамтамасыз ету үшін жеке ПИН-кодтар алынды, дизель түсі сары, көк және қызылға боялды, электрондық шот-фактура жүйесіне дизель үшін бөлек виртуалды қойма құру шаралары қабылданды. Бұл шаралар мұнай жеткізушілердің дизель отынын операторларға мақсатты түрде нақты жеткізуді қамтамасыз етеді, – деді Энергетика министрі.
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің айтуынша, Сырдария және Талас өзендерінің бассейндерінде су мөлшері көпжылдық нормадан төмен болуы ықтимал. Сырдария өзенінің жекелеген жанама салаларының учаскелерінде, сондай-ақ Шу өзенінің бассейнінде ғана су мөлшері норма шегінде болуы мүмкін. Іле өзенінің бассейнінде су ағыны норма шегінде болуы ықтимал, ал жекелеген салалардың учаскелерінде су мөлшері көпжылдық нормадан жоғары болады деген есептеулер бар.
Фото: ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі- 2026 жылғы вегетациялық кезең оңтүстік өңірлерде, әсіресе Арал-Сырдария және Шу-Талас бассейндерінде тәуекелдермен өтуі мүмкін. Атап айтқанда, Тоқтоғұл су қоймасының көлемі бүгінде 7 млрд 610 млн текше метр, бұл өткен жылдың деңгейінен 1,5 млрд текше метрге төмен. Энергия тапшылығы жағдайында су қоймасы күшейтілген режимде босатылып жатыр. Осыған байланысты вегетация басында Тоқтоғұл су қоймасы жинақтау режиміне көшіріледі деп болжануда, тиісінше бұл Түркістан облысының Мақтаарал және Жетісай аудандарының қажеттіліктері үшін мемлекетаралық «Достық» каналы арқылы су жеткізуге кері әсерін тигізуі мүмкін. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, облыс әкімдіктеріне су алу лимиттерін қатаң сақтау, оның ішінде күріш егісі бойынша белгіленген лимиттерді ескеру орынды деп санаймыз, — деді министр.
Үкімет отырысынан қорытындылаған Премьер-министр Олжас Бектенов Министрлер кабинеті мүшелерінің назарын бірқатар мәселеге аударды.
Коллаж: Kazinform/ Canva- Шаруалар осы уақытқа дейін несие алу үшін қажетті анықтамаларды қағаз түрінде тапсыруға мәжбүр. Бұл – өте қолайсыз әрі тым ұзақ. Ауыл шаруашылығы министрлігіне Цифрлық даму министрлігімен және «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, диқандарға тиімді әрі ашық мемлекеттік қолдау көрсету үшін жеңілдетілген несие берудің техникалық рәсімін оңайлатып, оны цифрлық форматқа ауыстыруды тапсырамын, - деді ол.
Сонымен қатар Үкімет басшысы Энергетика және Ауыл шаруашылығы министрліктері мен облыс әкімдіктеріне арзандатылған отынның тиісті көлемде жеткізілуін қатаң бақылауға алуды ескертті. Ал Су ресурстары министрлігіне Ауыл шаруашылығы министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, вегетациялық кезеңде фермерлерді егінге қажетті сумен үздіксіз қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін қабылдауды жүктеді. Экология министрлігінің назарын егін егу мерзімдерін алдын ала жоспарлап, ауа-райының өзгеруіне байланысты жедел әрекет ету үшін диқандарға метеорологиялық болжамдарды уақтылы беріп отыруға аудартты.
- Облыс әкімдіктері егіс науқанында агроөнеркәсіп кешенінің жалпы өнім көлемін екі есеге арттыру индикаторлары мен олардың орындалуын қамтамасыз етсін. Жалпы, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен өңір әкімдеріне көктемгі егіс жұмыстарының уақтылы жүргізілуін ерекше бақылауда ұстауды тапсырамын, - деді Олжас Бектенов.