Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Фото: istockphoto.com
Үкімет басшысы жаңа бағдарламаның басты мақсаты – азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру екенін атап өтті. Оның айтуынша, жоба аясында заманауи әлеуметтік нысандарды салуға басымдық беріледі. Әсіресе денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
«Мемлекет басшысы әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар салуға арналған ауқымды бағдарламаны қолға алуды тапсырды. Бұл бастама жақын арада ел азаматтарының тұрмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Заманауи денсаулық сақтау нысандарын салуға ерекше басымдық беру қажет», деді Олжас Бектенов.
Еске сала кетейік, Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин елімізде шағын және орта бизнес үлесі 40,9%-ға дейін өскенін айтты.