Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
- Көлік саласында оң динамика қалыптасып, негізгі көрсеткіштердің өсуіне қол жеткізілді. Сонымен қатар теміржол желісінің өткізу қабілетін жүйелі түрде арттыру қажет. Бекітілген жобалардың құрылысы мен жаңғырту жұмыстары осы жылдың соңына дейін аяқталуға тиіс. Бүгінгі таңда Транскаспий халықаралық көлік бағыты – қарқынды дамып келе жатқан дәліздердің бірі. Ақтау мен Құрық порттарының инфрақұрылымын жаңғыртуды жеделдету қажет, - деді Үкімет басшысы.
Премьер-министр автожол саласына қатысты жобаларға да тоқталды.
- Автожол саласының алдында өңірлердің көлік байланысын арттыру үшін аса маңызды ірі стратегиялық жобаларды іске асыру міндеті тұр. Биыл 11 мың шақырым автомобиль жолын құрылыс және жөндеу жұмыстарымен қамту қажет, - деді Олжас Бектенов.
Бұған дейін Үкімет басшысы мал шаруашылығында өнімділікті ұлғайтуды тапсырғанын жазған едік.