Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Екі қабатты ғимараттың жалпы ауданы – шамамен 2 мың шаршы метр, өткізу қабілеті бір ауысымда 300 адамға дейін жетеді. Онда 30 жұмыс орны ашылған.
Мұнда күштік қондырғылармен және мамандандырылған жабдықтармен, соның ішінде «ERCOLINA» тренажерімен жарақтандырылған кең жаттығу залы да бар. Жыл бойы техниканы шынықтыруға және конькимен сырғанау техникасын имитациялауға мүмкіндік беретін «Skate Treadmill RL3500E» кәсіби тренажері орнатылды.
Тренажер жүктемелер қарқынын дәл реттеуге және мамандардың бақылауымен қауіпсіз жаттығуларды ұйымдастыруға көмектеседі, бұл әсіресе спортшыларды даярлауда маңызды. Сонымен бірге, шаңғылар мен спорттық жабдықтарды дайындау, сақтау және кептіру үшін үй-жайлар қарастырылған.
Олжас Бектенов заманауи спорттық инфрақұрылымды дамыту елдің олимпиадалық әлеуетін нығайту міндеттерімен тікелей байланысты екенін атап өтті.
– Мемлекет басшысы бұқаралық спортты дамытуға, салауатты ұрпақты тәрбиелеуге және жалпы ұлт денсаулығын нығайтуға ерекше назар аударады. Заманауи спорт инфрақұрылымы мен қолжетімді әрі сапалы база қалыптастырмай, мұны істеу мүмкін емес. Қазір Италияда Олимпиада ойындары өтіп жатыр және біз спортшыларымыздың жеңіске жетуі үшін жағдай жасаудың қаншалықты маңызды екенін көріп отырмыз, сондықтан мемлекет спортшыларымызға ең жоғары деңгейде жаттығуға мүмкіндік беретін инфрақұрылым дайындауда. Бұқаралық спорт пен олимпиадалық резервті қолдау – ұлт денсаулығына және елдің халықаралық имиджіне салынған инвестиция, – деп атап өтті Премьер-министр.
Жаңа шаңғы базасы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің, олимпиадалық резервті даярлау орталығының және жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушілерін даярлаудың негізгі алаңына айналатыны да айтылды.
Шаңғы жарыстарынан бөлек, базада биатлон және спорттық бағдарлау да дамытылады. Бастапқы кезеңде 15 жаттықтырушының жетекшілігімен шамамен 180 спортшы жаттығады, ал болашақта спортшылар санын 360 адамға дейін арттыру жоспарланған. Мұнда спорт мектептерінің кәсіби студенттері ғана емес, шаңғы спортының әуесқойлары да жаттыға алады. Бұқаралық спорт үшін қала тұрғындарына нысанның трассалары мен инфрақұрылымын ыңғайлы пайдалануға мүмкіндік беретін жағдайлар жасалмақ.
Жалпы республика бойынша бұқаралық спортты дамыту шеңберінде инфрақұрылым кеңейтіліп, азаматтардың жүйелі спортпен шұғылдануы артып келеді. Халықтың спорт нысандарымен қамтылу деңгейі 2023 жылғы 52,2%-дан 2025 жылы 59,6%-ға дейін өсті. Дене шынықтырумен және спортпен үнемі айналысатын халықтың үлесі 40,4%-дан 44,5%-ға дейін артқан.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Премьер-министр салалық министрліктер мен Астана қаласы әкімдігіне бірқатар тапсырма берді. Атап айтқанда, олимпиадалық резервті дайындау үшін инфрақұрылымды одан әрі дамытуды қамтамасыз ету және жастарды бұқаралық спортқа тарту бағдарламаларын кеңейту, сондай-ақ өнімділік пен экспорттық әлеуетті арттыруға баса назар аудара отырып, ШОБ-ты жүйелі қолдауды жалғастыру тапсырылды.
Бұған дейін Премьер-министр табиғи газбен жұмыс істейтін ЖЭО-3-тің негізгі жабдықтарын қарап шыққан еді.
Сондай-ақ Премьер-Министр Астанадағы өрт сөндіру техникасын жасайтын зауытқа барды.