Үкімет басшысы ауыл шаруашылығы министрлігіне ет өндірісінің көлемін арттыруды тапсырды

06.01.2026

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы егін шаруашылығындағы оң нәтижелерді атап өткеніне назар аударып, салалық министрлікке енді мал шаруашылығы бағытындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды, деп жазады Egemen.kz.

Фото: Үкімет

Осыған орай Ауыл шаруашылығы министрлігінің алдына бір апта ішінде ет өндірісі мен экспортының көлемін арттыру жөніндегі нақты шаралармен бірге, мал шаруашылығын одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар енгізу міндеті қойылды. Сондай-ақ шаруаларға жеңілдетілген несие беру тетігін кеңейту де тапсырылды.

«Егіншілерді тікелей субсидиялау орнына жеңілдетілген несие беру тетігі өзінің тиімділігін көрсеткенін айта кету керек. Министрлік «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, осыған ұқсас ауыл шаруашылығын қолдау құралдарының аясын кеңейтуді жалғастыруы тиіс», деді Олжас Бектенов.

Үкімет басшысы Президенттің бағдарламалық сұхбатының қорытындысы бойынша туризм министрлігі мен әкімдіктерге де тапсырма жүктеді. 

«Мемлекет басшысы атап өткендей, туризм саласы экономиканың бірнеше секторын қамтиды. Сондықтан барлық тиісті мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің жұмысын үйлестіру қажет. Бұл ретте, әр өңірде өзінің туризмді дамыту бағдарламалары бар», деді Олжас Бектенов.
Туризм және спорт министрлігі өңір әкімдіктерімен бірге бір ай мерзімде нақты іс-шаралар жоспарын ұсына отырып, 2029 жылға дейінгі туризмді дамыту тұжырымдамасын толықтырып, түзетуі қажет. Оған қосымша Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, туризм саласындағы кадрлық мәселелерді шешу үшін қосымша шаралар қабылдау тапсырылды.

Пойыздар мен ұшақтарда Starlink деңгейіндегі интернет пайда болады

Сондай-ақ бүгін Үкімет отырысында экономиканың барлық саласына заманауи технологияларды енгізу мәселесі де талқыланды.

Соңғы жаңалықтар

Үкімет басшысы ауыл шаруашылығы министрлігіне ет өндірісінің көлемін арттыруды тапсырды

Үкімет • Бүгін, 12:20

Пойыздар мен ұшақтарда Starlink деңгейіндегі интернет пайда болады

Қоғам • Бүгін, 12:10

Биыл 1900 елді мекенге жоғары жылдамдықты интернет қосылады

Үкімет • Бүгін, 12:02

Францияның Pekin Express телешоуы Алматының келбетін әлемге паш етті

Алматы • Бүгін, 12:01

«Адал полицей»: Ақмолада қызметтік көліктердегі QR-кодтар жаңартылды

Қоғам • Бүгін, 11:43

Қазақстанның бес облысында жол жабылды

Қоғам • Бүгін, 11:30

Инклюзивті білім беру ұйымдарында 10 мыңнан аса педагог қызмет етеді

Білім • Бүгін, 11:23

Қарағанды және Павлодар облыстарында заңсыз ақбөкен аулағандар ұсталды

Аймақтар • Бүгін, 11:17

Алаяқтық кең тараған: Премьер-министр субсидиялау саясатын қайта қарауды тапсырды

Қоғам • Бүгін, 11:13

Мемлекет басшысы Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс кеңесін өткізді

Президент • Бүгін, 11:10

«Қазақмыс» корпорациясына жаңа басшы тағайындалды

Тағайындау • Бүгін, 11:07

Венесуэлада уақытша президент ант қабылдады

Әлем • Бүгін, 10:55

Рамзан Қадыровтың 20 жастағы ұлы вице-премьер болып тағайындалды

Әлем • Бүгін, 10:50

Қатардағы жауынгер 5 тілде еркін сөйлейді

Әскер • Бүгін, 10:42

Қостанай облысындағы шахтада жарылыс болып, жұмысшы жарақат алды

Оқиға • Бүгін, 10:30

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью