Үкімет басшысы балаларды зиянды контенттен қорғау үшін батыл шешімдер қабылдауды тапсырды

27.01.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Бүгінгі Үкімет отырысында Премьер-министр Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменовадан: «Балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету өте маңызды. Осы бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатыр?», - деп сұраған еді.

Министрдің айтуынша, бүгінде қабылданған заңдардың аясында балалардың деректері бекітілетін платформаларға талап күшейтілген. Мұнан бөлек, балаларды әлеуметтік желілердегі зиянды контенттен қорғау үшін олардың әлеуметтік желіні қолдануын жасына байланысты шектеуге қатысты заңнамалық нормалар әзірленіп жатыр.

- Зиянды контенттен қорғау мәселесінде балаларымыздың жас ерекшеліктеріне байланысты бірқатар тетік бекітіледі, - деді Жұлдыз Сүлейменова.

Осы орайда Олжас Бектенов министрге аталған бағытта батыл шешімдер қабылдауды тапсырды.

Айта кетейік, бүгін Үкімет «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын пысықтады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью