Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Олжас Бектенов қазақстандықтарды жаңару мен көктемнің, жаңа бастамалардың мерекесі – Наурыз мейрамымен құттықтады. Құттықтауында Үкімет басшысы конституциялық реформаның ел дамуы мен бірлігінің символына айналғанын атап өтіп, көктем мерекесі әр шаңыраққа бейбітшілік, береке және молшылық әкелсін деген тілегін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
фото: Үкімет
«Құрметті қазақстандықтар!
Баршаңызды ырыс пен ынтымақтың арқауы, ізгілік атаулының береке-бастауы – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Биыл қазақ елі Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды өзгерістерді қолдап, дамудың жаңа кезеңіне нық қадам басты. Жаңғырудың жарқын нышанына айналған жаңа Конституциямыз ұлттық дәстүріміз бен мәдениетімізді ұлықтап, қастерлі Тәуелсіздігімізбен бірге жасай бермек.
Ұлыстың ұлы күні бірлігі бекем халқымызды ортақ мақсатқа ұйыстырып, бейбіт өмір мен еңселі елдік жолындағы арман-мұратына жеткізсін. Жаңарған жыл жұртымыз үшін жасампаз істерге, толайым табысқа толы болсын. Әз-Наурызда әр шаңырақ құт-берекеге бөленіп, ырзық-несібеге кенелсін.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға баянды бақыт тілеймін!
Ұлыс оң, ақ мол болсын!», деп құттықтады Үкімет басшысы.
Мемлекет басшысы ел азаматтарын Наурыз мейрамымен құттықтады
Соңғы жаңалықтар
Президент Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті
Президент • Кеше
Еліміздің 13 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше
Ынтымақ күні: Қазақстанда Наурызнама онкүндігінің сегізінші күні тойланып жатыр
Мереке • Кеше
Бүгін елордада ауқымды дрон-шоу өтеді
Елорда • Кеше
Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?
Қаржы • Кеше
Наурызнама • Кеше
Өнер • Кеше
Тарих • Кеше
Тәрбие • Кеше
Қоғам • Кеше
Мереке • Кеше
Тазалық – тәртіп пен береке бастауы
«Таза Қазақстан» • Кеше
Наурызнама • Кеше
Бүгін республика бойынша қай жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Кеше
Қоғам • Кеше