Үкімет басшысы кредиттерге қатысты тапсырма берді

14.10.2025

Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов тұтынушылық кредиттер бойынша тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстанда инфляция деңгейі 12 проценттен асты. Осыған байланысты үкімет қажетті бірқатар шараны белгіледі. Халыққа тұтынушылық несие беру ісін тұрақтандыруға да ерекше назар аударылып отыр.

"Мемлекет басшысы атап өткендей, тұтынушылық несие беру ісін тұрақтандыру бойынша батыл шаралар қабылдау қажет. Банктер мен несие беру ұйымдары, сауда нүктелері тауар бағасындағы бөліп төлеудің нақты құнын, сондай-ақ несиелеу кезіндегі барлық артық төлемді толық ашып көрсетуі тиіс", - деді Бектенов министрлер кабинетінің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, инфляцияға сырттан келетін азық-түлік бағалары да қысым көрсетіп отыр. Сондықтан ішкі нарықты отандық өніммен барынша қамтамасыз етіп, азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларын жедел қалыптастырған жөн.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью