Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Үкімет басшысының атап өтуінше, Президенттің «Turkistan» газетіне берген бағдарламалық сұхбаты таяу болашақта Үкіметтің алдында тұрған мақсат-міндеттерді айқындап берді.
- Барлық орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар оларды табысты жүзеге асыру үшін бар күш-жігерін салып жұмыс жасауы керек. Сөзден іске кірісіңіздер. Кез келген мәселеге прагматикалық тұрғыдан қарап, бюджет қаражатын барынша үнемдеп, нақты нәтиже берулеріңіз қажет. Ал есеп беру, презентация жасау дегеннің бәрін доғарсаңыздар. Нәтиже болмаса оның бәрі бос әңгіме. Жұмыс істей алмасаңыздар ашық айтыңыздар. Бұл мәселені шешеміз, - деді Олжас Бектенов.
Осы ретте Премьер-министр орынбасарларына Президент тапсырмаларының орындалу барысын өз бағыттары бойынша үйлестіруді тапсырды.
Айта кетейік, кеше «Turkistan» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аталған басылымның бас редакторы, белгілі ақын, публицист Бауыржан Бабажанұлына берген кең көлемді сұхбаты жарияланды.