Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру және отандық өндірісті дамыту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде жеңіл өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жиында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев саланың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы баяндама жасады. Мәліметке сәйкес, 2025 жылдың қорытындысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 260 млрд теңгеге жеткен. Жыл басынан бері өңдеуші сектордың өсімі 9,9%-ды құрап, жеңіл өнеркәсіп өндірісі 2,2 есеге артқан. Алайда салада импортқа тәуелділік әлі де сақталып отыр.
Кездесуде отандық өнім өндіруді арттыру, өндірістерді жаңғырту, қайта өңдеу қуатын кеңейту және локализация деңгейін көтеру мәселелері талқыланды. Премьер-министр Олжас Бектенов жауаптыларға кадр даярлау мен отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттігін айтты.
«Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық әлеуетті нығайту міндетін қойды. Жаңа Конституцияның қабылдануымен Үкімет өңдеу секторын дамыту жұмыстарын күшейте түсті. Биылғы төрт айдың қорытындысы бойынша өңдеу саласы тұрақты өсім көрсетіп отыр. Оның ішінде жеңіл өнеркәсіптің әлеуметтік маңызы зор. Біз отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын кеңейтуіміз қажет», деді Олжас Бектенов.
Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-министр отандық өндірушілерге өткізу нарықтарына шығуға кепілдік бере отырып, өндірісті ұлғайту үшін қосымша ынталандыратын модель қалыптастыру қажеттігіне назар аударды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Премьер-министр Ұлттық парктердегі баяу жұмысты қатаң сынаған болатын.
Соңғы жаңалықтар
Ердоған Түркі әлемі мен Орта дәліздің стратегиялық маңызын атап өтті
Президент • Бүгін, 18:05
Тоқаев пен Ердоған БҰҰ рөлін күшейту туралы ортақ байламға келді
Президент • Бүгін, 18:02
Шымкентте Түркияның Гази университеті жұмысын бастайды: Тоқаев жаңа білім жобаларын таныстырды
Президент • Бүгін, 17:56
Елімізде азаматтардың 250 млрд теңге қарызы кешірілетін болды
Қоғам • Бүгін, 17:47
Қазақстан мен Түркия қандай жобаларды бірлесе жүзеге асырады?
Президент • Бүгін, 17:40
Түрік кәсіпкерлері ел экономикасына 6 миллиард доллар көлемінде қаражат салды
Президент • Бүгін, 17:40
Мемлекет басшысы Түркия Президентімен баспасөз конференциясын өткізді
Президент • Бүгін, 17:30
Қоғам • Бүгін, 17:26
New Vision Forum: Алматыда әлемдік деңгейдегі сарапшылар бас қосады
Форум • Бүгін, 17:20
Трамп Си Цзиньпинді Вашингтонға шақырды
Әлем • Бүгін, 17:06
Түрік компаниялары Қазақстанда 3 100-ден астам жаңа жұмыс орнын ашады
Президент • Бүгін, 16:45
Қомақты аударымдар үшін неліктен биометриялық сәйкестендіру өту қажет?
Қоғам • Бүгін, 16:38
Автобуспен 1,5 сағат: LRT арқылы әуежайдан вокзалға дейін қанша уақытта жетуге болады?
Қоғам • Бүгін, 16:21
Түркияда Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектеп ашылды
Президент • Бүгін, 15:54
Кубада халық жаппай шеруге шықты: Елде жанармай қоры таусылған
Әлем • Бүгін, 15:53