Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Оның айтуынша, спортшыға қатысты қаржыландыру мәселесі толық шешілген.
"Тағы да қайталап айтқым келеді, Бибісара Асаубаеваның азаматтығын ауыстыру туралы мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ. Мұндай әңгімені кімнің шығарып, не үшін таратып жүргенін білмеймін. Бибісара – еліміздің патриоты. Ол – шахматтан үлкен жетістіктерге жеткен бірегей спортшы. Қазақстан тарихында алғаш рет шахматшы қызымыз әлем чемпионатында қатарынан үш мәрте алтын медаль жеңіп алды. Біз Бибісараны ерекше құрметтейміз. Жақын күндері оның Астанаға келуін күтіп отырмыз. Сол кезде оған мемлекеттік награда салтанатты түрде табысталады", – деді Серік Жарасбаев.
Еске салайық, бұған дейін Бибісара Асаубаева әлеуметтік желіде өзіне тиесілі төлемдерге қатысты мәселені көтеріп, көмек сұраған болатын. Осыдан кейін Туризм және спорт министрлігі жағдайға қатысты түсініктеме беріп, мәселенің бақылауға алынғанын мәлімдеген еді.