Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Жиынға Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі, Ислам даму банкі, Еуразиялық даму банкі, Шығыс көршілер мен Орталық Азия елдеріне несие беру жөніндегі инвестициялық банкі және басқа да ұйым өкілдері қатысты.
Еліміздің инфрақұрылымын салу және жаңғырту жөніндегі жобаларды жүзеге асыру барысы қаралды. Сондай-ақ макроэкономикалық тұрақтылықты нығайту, адами капиталды дамыту, өнімді инновациялар мен ЖИ технологияларын енгізу жөніндегі бастамаларға назар аударылды.
Жаңа Конституцияның қабылдануымен елімізде экономиканың серпінді өсуіне және азаматтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған дамудың жаңа кезеңі басталғаны атап өтілді. Өз кезегінде, құқықтық базаны жетілдіру еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттырып, жобаларды жүзеге асыруға қажетті кепілдіктерді қамтамасыз етеді.
Фото: ҮкіметЭкономикалық саясат мәселесі бойынша Үкіметтің, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілді. 2025 жылдың қазан айынан бері жылдық инфляцияның баяулауы байқалды, бұл — жүзеге асырылып жатқан кешенді шаралардың нәтижесі.
Фото: Үкімет— Біз баға қысымын, инфляция деңгейін төмендету жөніндегі саясатты табанды түрде жалғастыруға ниеттіміз. Үкіметтің, Ұлттық Банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі бірлескен бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Биыл біз азаматтардың нақты табысын кем дегенде 2-3%-ға арттыруды алдымызға мақсат етіп қойдық. Бұл — жүзеге асырылып отырған ауқымды жұмыс, — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Дүниежүзілік банктің фискалдық саясат және экономикалық өсу бағытының өңірлік басшысы Антонио Нучифора мен Халықаралық валюта қорының Қазақстандағы миссиясының басшысы Амина Ларэш макроэкономикалық тұрақтылықты жалғастыру бойынша ұсыныстарын жеткізді. Экономикалық өнімділікті арттыруды жалғастыруға және жеке сектордың тұрақты экономикалық өсудің драйвері ретіндегі рөлін кезең-кезеңімен нығайтуға басымдық берілді.
Бұл бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері пікір білдірді.
Президент кеңесшісі, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев мемлекеттің үлесін төмендету және нақты экономиканы несиелеудегі банк секторының рөлін күшейту жөніндегі жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Бұл мемлекеттік капитал мен жеке капитал арасындағы бәсекелестікті болдырмауға мүмкіндік береді. Азық-түлік инфляциясының деңгейін төмендету мәселесіне қатысты сауда нарықтарының тиімділігін одан әрі арттыруға, көтерме-тарату орталықтарының инфрақұрылымы мен логистиканы дамытуға, өндіріс көлемін ұлғайтуға және басқа да бағыттарға назар аударылды.
Фото: ҮкіметҰлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова инфляцияны төмендету мақсатында фискалдық саясатты ақша-несие саясатымен үйлестіру жүзеге асып жатқанын хабарлады. Қазіргі уақытта инфляцияны тұрақтандыру үшін ақша-несие бойынша жағдай туғызуға және инфляциялық болжамдарды нығайтуға бағытталған дәйекті ақша-несие саясаты жүргізілуде. Несиелеудің шектен тыс өсуін, әсіресе тұтынушылық несие сегментінде шектеуге мүмкіндік беретін макро және микропруденциалдық құралдар белсенді қолданылуда. Мәселен, ҚР Ұлттық банкінің деректері бойынша, егер 2024 жылы халыққа берілген несиенің барлық түрінің өсімі 21,9%-ды құраса, 2025 жылы бұл көрсеткіштің өсуі 8,7%-ға дейін баяулады. Осылайша, Үкімет, ҰБ және ҚНРДА қабылдаған шаралар олардың тиімділігін көрсетіп отыр және инфляциялық процестерге тежегіш ретінде әсер етуде.
Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев Инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыру шеңберінде азық-түлік инфляциясы деңгейін төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Мәселен, негізгі бағыттардың бірі — нарықты қажетті өніммен толтыру, импортты алмастыруға баса назар аудара отырып, өнім өндіру көлемін ұлғайту, азық-түлік тауарларын бөлшек саудада өткізудің ашықтығын және баға қолжетімділігін қамтамасыз ету, ӘМАТ өндірушілерін қолдау және оның номенклатурасын уақытша кеңейту, ұстамды тарифтік саясатты жүзеге асыру, оның ішінде сыртқы сауда және ақша-несие саясаты бағыты бар. Нәтижесінде бірінші тоқсанда инфляцияның біртіндеп төмендеуі бойынша оң динамика байқалады. Инфляцияны төмендету бойынша оң динамиканы сақтау және жалғастыру үшін қосымша қадамдық алгоритм әзірленді.
Айта кетелік Қазақстанда инфляция алты ай қатарынан баяулап келеді.