7kun.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов экономикалық өсімді ынталандыруға бағытталған қаржыландыруды күшейту қажеттігін айтты.
Оның сөзінше, бүгінде Германия бастаған бірқатар мемлекеттер бұл бағытқа қомақты қаражат бөліп отыр. Осыған байланысты Премьер-министрдің орынбасары – Серік Жұманғаринге тиісті ақпарат жолданған.
«Бізге қарқынды экономикалық өсім керек. Әрине, сапасы да маңызды. Бірақ қарқыны өте қажет. Сондықтан осы бағыттағы жұмысты жалғастыру қажет», – деді Үкімет басшысы.