Үкімет ең төменгі жалақыны есептеу әдістемесін қайта қарайды

21.11.2025

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

- Іс жүзінде ең төменгі жалақыны есептеу әдістемесін бір жақты қылып алу керек. Өйткені, бізде орташа жалақы және медианды еңбекақы бар. Кейбіреулер ең төменгі жалақы медианды еңбекақының шамамен 45-50 пайызы болуы тиіс деп санайды. Оларды тұрақты болуы үшін ең алдымен осы әдістердің бәрін анықтап алу қажет, - деді ол Сенаттың жалпы отырысынан кейінгі брифингіде.

Оның айтуынша, есептеудің жаңа жүйесін енгізу фискальды шоғырландыруды талап етеді.

- Демек, бюджет кірісін арттырып, оның өнімсіз шығыстарын қысқарту қажет. Мұны қалай істейтіндігімізді бүгін Премьер-министр де айтты. Сондықтан 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында салық және бюджет реформалары қалай орындалатынын көреміз және сол сол кезеңде 2027-2029 жылдарға арналған бюджетпен келеміз. Ең төменгі жалақы мәселесі сол кезеңде қарастырылады, - деді Серік Жұманғарин.

Айта кетейік, бүгін Сенаттың жалпы отырысында «2026 – 2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңы талқыланды. Сенат құжаттың жекелеген баптарын жаңа редакцияда ұсынып, оны Мәжіліске қайтарды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью