Үкімет ең төменгі жалақыны қашан көтеретіні белгілі болды

19.11.2025

Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. 2027-2028 жылдары ең төменгі жалақыны көтеру жоспарланып отыр. Бұл туралы халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі 2026 – 2028 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасында айтылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Премьер-министрдің онынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, бағдарламада экономиканы өсіру мен инфляцияны төмендету есебінен халықтың нақты табысын арттыруға басымдық беріліп отыр. Ол үкімет алдағы үш жылда экономика жылына орта есеппен 5 проценттен төмен емес деңгейде өсіруге мүдделі.

Негізгі шаралар:

халықтың табысын қолдау үшін жұмыспен қамту бағдарламаларын жалғастыру;

экономикалық белсенділігі төмен өңірлерге ерекше назар аудару;

атаулы әлеуметтік қолдау бағытын арттыру жөнінде шаралар қабылдау;

әлеуметтік төлемдердің ашықтығы мен атаулылық бағытын арттыру үшін цифрлық технологиялар қолдануды кеңейту;

2027-2028 жылдары ең төменгі жалақыны көтеру мәселесін қарау.

"2026-2028 жылдары халықтың нақты табысының өсуі жылына орта есеппен 2-3%-дан төмен емес болады. Бағдарламаны іске асырудың басты нәтижесі халықтың нақты табысының өсуі болуы тиіс", - деді Жұманғарин үкіметтің бүгінгі отырысында.

Министрлер кабинет бірлескен бағдарламаны қабылдады. Оған үкімет, ұлттық банк, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жауапты болады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью