Үкімет халықаралық екі ірі банктен қарызға алатын ақшаны қайда жұмсайды

17.06.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Мәжіліс депутаттары екі халықаралық банктен қарыз алу туралы келісімдерді ратификациялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Халықаралық қайта құру және даму банкінің қарызы 92,3 млрд йенді (қазіргі курспен 276,9 млрд теңгені) құрайды. Бұл ақша 5 жылдық жеңілдікпен беріледі. Ал қарызды өтеу мерзімі - 11 жыл.

Екінші қарызды Азия тнфрақұрылымдық инвестициялар банкінен алынады. Оның көлемі - 62,3 млрд. йен (қазіргі курспен 186,9 млрд теңге). Бұл қарызда да 5 жылдық жеңілдік кезеңі қарастырылған. Ал 11 жылдың ішінде қайтару қажет.

"Үкімет бұл ақшаны республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыруға және әлеуметтік-экономикалық ахуалдың тұрақтылығын қолдауға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыруға жаратуды көздеп отыр", - делінген заң жобасында.

Халықаралық кредиттің сыйақы мөлшерлемесі TONA (Tokyo Overnight Average Rate)+ ауыспалы спред болып белгіленген. Біржолғы комиссия қарыз сомасының 0,25% процентін құрайды. Ал резервке қойғаны үшін комиссия қарыз қаражатының игерілмеген қалдығына жылдық 0,25 процент есептеледі.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью