Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға қатысты атқарылып жатқан жұмыстар айтылды. Премьер-министр Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын орындау шеңберінде салада терең өңдеуге басымдық берілгенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: Үкімет, телеграм
Терең өңдеу – экспортқа жол
Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу – экономиканы әртараптандырудың негізгі тетіктерінің бірі. Осы бағытта биыл Жамбыл облысында жүгеріні терең өңдеуге арналған ірі өнеркәсіптік парк іске қосылмақ. Аталған жоба Қазақстанға треонин мен глутамат өндіру арқылы әлемдік нарыққа шығуға мүмкіндік береді.
Премьер-министрдің айтуынша, жаңа зауыт жыл сайын 3 млн тонна жүгеріге тұрақты сұраныс қалыптастырады. Қазіргі таңда ел бойынша өндірілетін жүгері көлемі шамамен 1 млн тонна ғана.
Жаңа кәсіпорындар мен мемлекеттік қолдау«Бір ғана ірі зауыттың іске қосылуы нарық құрылымын түбегейлі өзгертіп, агроөндірістің жекелеген бағыттарының дамуына қуатты серпін береді», деді Олжас Бектенов.
Үкіметтің дерегінше, 2025 жылы майлы дақылдарды, жүнді, ет пен сүтті терең өңдеуге, сондай-ақ құрама жем мен шырын өндіруге бағытталған 6 кәсіпорын іске қосылған. Бұдан бөлек, агроөнеркәсіп кешенінде тағы 10 зауыттың құрылысы жүріп жатыр.
Терең өңдеу жобаларын ынталандыру үшін мемлекеттік қолдау тетіктері күшейтілді. Атап айтқанда, астықты өңдеуге арналған инвестициялық субсидиялар 50 %-ға дейін ұлғайтылды. Сонымен қатар жабдықты импорттауға және негізгі қызмет түрлері бойынша бірқатар салықтық жеңілдіктер қарастырылған.
Мал шаруашылығындағы түйткілдерГеологиялық барлау жұмыстарына 500 млн доллар инвестиция салынады
Сонымен бірге агроөнеркәсіп кешенінде шешімін күткен мәселелер де бар. Инвестиция мен заманауи агротехнологиялар егіншілікте өнімділікті арттырғанымен, мал шаруашылығы бұл тұрғыда кенже қалып отыр. Саладағы өсім 2-3 %-дан аспайды. Бұл ішкі нарықты толық қамтуға, өңдеуді дамытуға және экспортты ұлғайтуға кедергі келтіреді. Ветеринария, ғылыми сүйемелдеу мен кадрлық қамтамасыз ету бағыттарында да проблемалар жеткілікті.
Тағы бір өзекті мәселе – ауылдағы маусымдық жұмыс. Кейбір ірі жер пайдаланушылар тек науқан кезінде ғана еңбекке сұраныс тудырып, қалған уақытта ауыл тұрғындары жұмыссыз қалады. Осыған байланысты 10 000 гектардан астам жерді иеленген кәсіпкерлерге мал шаруашылығын міндетті түрде дамыту талабы қойылды. Бұл талап орындалмаған жағдайда, жерді қайтарып алу тетіктерін қоса алғанда, тиісті шаралар қабылданады.
Кешенді жоспар және әлеуметтік қолдау
Үкімет әзірлеген Мал шаруашылығын дамыту жөніндегі кешенді жоспарда асыл тұқымды мал сатып алуға жеңілдетілген несие беру, малшылардың балаларына білім гранттарын ұсыну, жасанды ұрықтандырудың заманауи технологияларын енгізу және жайылымдық мал шаруашылығын дамыту шаралары қамтылған.
Аталған бастамалар агроөнеркәсіп кешеніндегі терең өңдеуді кеңейтіп қана қоймай, ауылдағы өмір сапасын арттыруға, тұрақты жұмыспен қамтуға және саланың ұзақмерзімді дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.
40 пайыздық меже: Үкімет халықтың нақты табысын қалай өсірмек?
Соңғы жаңалықтар
Президент: Ата заңымызға қатысты түпкілікті шешім жалпыұлттық референдумда қабылданады
Президент • Бүгін, 12:00
Мемлекет басшысы: Инфляцияны ойға қонымды, қалыпты деңгейге түсіру қажет
Президент • Бүгін, 11:46
Президент: Қолданыстағы Конституцияның тарихи маңызын жоққа шығаруға болмайды
Президент • Бүгін, 11:43
Үкімет ірі жер иеленушілерге қандай талап қойды?
Үкімет • Бүгін, 11:42
Ата заң • Бүгін, 11:39
«Әртүрлі көзқарас – біртұтас ұлт»: Президент еліміз үшін маңызды қағидатты атады
Президент • Бүгін, 11:35
Тоқаев: Адвокаттардың ұсынысымен Ата заң жобасына адвокатура туралы жеке бап қосылды
Президент • Бүгін, 11:32
Президент: Конституциялық комиссияның жұмысы барынша ашық жүргізілді
Президент • Бүгін, 11:30
Олжас Бектенов: Үкімет «шынайы мұқтаж адамдарға ғана көмек» қағидатын қатаң ұстанады
Экономика • Бүгін, 11:27
Қазақстанда бір жылда 847 млн текше метр су үнемделді
Үкімет • Бүгін, 11:20
Геологиялық барлау жұмыстарына 500 млн доллар инвестиция салынады
Үкімет • Бүгін, 11:19
Ел экономикасына 58 млрд доллардан астам қаржы тартылды
Инвестиция • Бүгін, 11:18
40 пайыздық меже: Үкімет халықтың нақты табысын қалай өсірмек?
Қоғам • Бүгін, 11:11
Елімізде 11 мың шақырым автомобиль жолы жаңғыртылады
Қазақстан • Бүгін, 11:02
Қазақстан 2035 жылға дейін 26 ГВт жаңа қуат көзін енгізеді
Үкімет • Бүгін, 11:00