Үкімет картоп алқаптарын тағы арттыруға шешім қабылдады

12.05.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Биыл картоп алқаптары тағы бір мың гектарға артады. Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Үкімет ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етуге негізгі басымдық беріп отыр.

"Осы мақсатта ұйымдасқан шаруашылықтарда картоптың алқабын 10 мың гектарға ұлғайту жоспарлануда. Бекітілген егіс құрылымы ішкі қажеттілікті толық қамтамасыз етуге жеткілікті, сонымен бірге нарық конъюнктурасы мен сыртқы сұранысты ескереді", - деді Сұлтанов үкіметтің бүгінгі отырысында.

Былтыр ұйымдасқан шаруашылықтарда картоп өсіру көлемі 9 мың гектарға артқар болатын.

Себебі жылдың басында картоп күрт қымбаттаған. Сол кезде Атырауда арзан картоп бір адамға 3 келіден ғана сатылған.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью