Үкімет Каспийді сақтауға 1,1 млрд теңге бөлді

24.02.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. Үкімет резервінен Каспий теңізін зерттеуге және сақтауға 1,1 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Қаржы "Каспий теңізі Қазақ ғылыми-зерттеу институты" АҚ-ға аударылады.

"Қаржыландыру институттың ғылыми әлеуетін жақсартуға ықпал етеді. Қаражатқа теңізде мониторинг жүргізу үшін негізгі жабдықтарды сатып алу және гидробиологиялық және гидрохимиялық зертханаларды жарақтандыру жоспарлануда, бұл теңіздің қазақстандық секторында болып жатқан процестер туралы өзінің ғылыми-негізделген базасын қалыптастыруға мүмкіндік береді", - деп жазылған үкімет хабарламасында.

Бүгінгі таңда ҒЗИ тиімді шараларды әзірлеу үшін халықаралық ғылыми қоғамдастыққа белсенді интеграциялануда, Каспий маңы елдерінің университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтарының қауымдастығына кірді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью