Qazaq24.com, 7kun.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында көмір генерациясын дамыту бойынша ұлттық жоба әзірленіп жатқанын мәлімдеді.
Оның айтуынша, жобаға қуаты шамамен 7,6 ГВт болатын пысықталған энергетикалық нысандар мен энергия тапшылығын жабуға арналған қосымша көмір генерациясы жобалары енгізіледі.
Сонымен қатар «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 11 мың шақырым электр, 208 шақырым жылу, 308 шақырым су және 152 шақырым кәріз желілері жөнделмек. Биыл бұл мақсатқа 1 трлн теңге бағытталады, қаржының басым бөлігі бюджеттен тыс көздерден тартылады.