Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
– Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне Ұлттық банкпен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, екінші деңгейдегі банктердің коммерциялық ипотекасын және тұрғын үймен қамтамасыз ету құралдарын одан әрі жетілдіру бойынша жаңа тәсілдерді әзірлеуді тапсырамын. Отбасы банк өз кезегінде, халықтың осал санаттарын қолдауға баса көңіл бөлуге тиіс, – деді О.Бектенов Үкіметтің бүгінгі отырысында.
Сонымен бірге, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне 1 шілдеге дейін қабылданған Құрылыс кодексі аясында нормативтік актілерді уақытылы жаңартып, қабылдауды, оларды іске асыру кезінде үздіксіз бақылап отыру тапсырылды. Оған қоса, құрылыс көлемі жыл сайын ұлғайып, құрылыс материалдарына сұраныс артып келеді.
– Тапшылық пен бағаның өсуіне жол бермеу, сондай-ақ отандық өндірісті қолдау мақсатында қажетті құрылыс материалдары мен жабдықтарын шығару жүзеге асырылып жатыр. Биыл елімізде осындай 38 жаңа жобаны іске қосу жоспарланған. Өнеркәсіп министрлігі «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, олардың уақытылы іске қосылуын қамтамасыз етсін, – деді Олжас Бектенов.
Бұған дейін Премьер-министр өңірлерде қолжетімді баспанамен қамту бағдарламаcын жандандыру керектігін айтқан еді.
Былтыр құрылыстың сапасына қатысты ресми түрде 63 мыңнан астам шағым келіп түскен.