Үкімет Салық кодексі бойынша түскен ұсыныстарға талдау жүргізеді | Qazaq24.com
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда берген тапсырмаларын, оның ішінде жаңа Салық кодексін жетілдіру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асырудың түйінді шарттарын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Фото: primeminister.kz Президент Ұлттық құрылтайдағы сөзінде Жаңа Салық кодексі өзгермейтін қағидалардың жиынтығы ретінде қабылданбауы керек екенін айтты.
Осыған байланысты Үкімет Салық кодексі бойынша жұртшылық пен бизнес тарапынан түсетін ұсыныстарды жинақтап, мұқият талдау жүргізеді.
«Серік Мақашұлы, жұртшылық пен бизнес тарапынан келіп түскен ұсыныстарды жинақтап, мұқият талдауды тапсырамын.
«Атамекен» ұлттық палатасының өкілдерін, экономистер мен сарапшыларды тарта отырып, жүйелі әрі үйлесімді жұмыс істеу керек.
Бүгін Үкіметте осындай алғашқы кездесу өткізесіз. Өңірлерді де осы жұмысқа белсенді тарту қажет.
Қоғамның көтеріп отырған мәселелерін жедел қарау керек. Нәтижесі бойынша нақты ұсыныстар енгізіңіз», деді Олжас Бектенов.
Читать полностью
Читать новость