Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Сыртқы сауда және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссия сиыр етін экспорттау, жұмыртқа импорты және аналық мал басын сақтау туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сыртқы сауда және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссия сиыр етін экспорттау, жұмыртқа импорты және аналық мал басын сақтау туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Картоп экспортына тыйым салынбайдыІшкі нарықтағы бағаның айтарлықтай тұрақтануын және жеткілікті қор бар екенін ескере отырып, картоп экспортына уақытша шектеу енгізудің жөнсіздігі туралы шешім қабылданды.
Сиыр етін экспорттаушыларға квота беру талабы жеңілдетіледіКвота бөлудің қолданыстағы тетігі кемінде 5 мың басқа арналған жеке бордақылау алаңы мен өзінің ет комбинатының болуы секілді бірқатар талапты көздейді. Шешім қабылдау кезінде ВАК Үкімет бекіткен Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарын да назарға алды. Құжат ірі қара мал санын 7,9 млн-нан 12 млн басқа арттыруды, сондай-ақ экспорттық әлеуетті нығайтуды және қазақстандық сиыр етін өткізудің жаңа нарығын ашуды көздейді. Ауыл шаруашылығы министрлігі квота бөлудің қолданыстағы ережесіне тиісті өзгеріс енгізеді.
Сонымен қатар аналық мал басын сақтау және отандық қайта өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстаннан ірі қара мен ұсақ малдың аналық басын, сондай-ақ бұқашықтарын, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге әкетуге тыйым салуды ұзарту туралы шешім қабылданды.
Тауық жұмыртқасын импорттауға тыйым салынадыАлты айға дейін тауық жұмыртқасын, соның ішінде ЕАЭО елдерінен импорттауға тыйым салынады Тиісті бұйрықты Ауыл шаруашылығы министрлігі қабылдайды. Қазіргі уақытта Қазақстанда 70 құс фабрикасы жұмыс істейді. Оның 34-і жұмыртқа, 29-ы ет, 7-еуі асыл тұқым өндіреді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша тауық жұмыртқасының өндірісі 2,4 пайыз, 4 568,5 млн данаға артқан. Ішкі нарықтағы отандық өндіріс 98 пайызды құрады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!