Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Үкімет зейнетақы жинағының ең төменгі жеткіліктілік шегін анықтаудың жаңартылған әдістемесін бекітті. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Құжатқа сәйкес, зейнетақы жинағының ең төменгі жеткіліктілік шегін анықтау үшін келесілер басшылыққа алынады:
1.
жылдық пайыздық мөлшерлеме 9%;2.
міндетті жарналар арқылы қалыптасқан зейнетақы жинағынан ай сайынғы төлемдердің жылдық индекстеу мөлшерлемесі - 8%.Сондай-ақ, қаулыда ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу кезінде келесі факторлар ескерілетіні көрсетілген:
ең төменгі зейнетақы;
ең төменгі жалақы;
салымшының жасы;
зейнетақы төлемдерінің кірістілік және индекстеу мөлшерлемесі;
халықтың болжамды өмір сүру ұзақтығы.
Әдістемеде сондай-ақ болжамды инфляция деңгейінен 5 пайыздық пунктке жоғары индекстеуді ескере отырып, ең төменгі жеткіліктілік шегі алдыңғы жылғы деңгейден төмен болмауы керек деп көрсетілген.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Әдістеме енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде 2026 жылға арналған зейнетақы жинағының ең төменгі жеткіліктілік шегін жариялауы тиіс.