Үкіметте атом өнеркәсібін дамыту мәселесі талқыланды

05.10.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов атом өнеркәсібін дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады үкімет.

Жиын барысында Қазақстан Республикасының атом саласын дамытудың 2050 жылға дейінгі стратегиясы аясында жаңа перспективалы уран учаскелерін зерттеу, геологиялық барлау және минералдық-шикізат базасын ұлғайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға назар аударылды.

© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана Үкіметте атом өнеркәсібін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті

Үкіметте атом өнеркәсібін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті

© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясының ауқымды геологиялық барлау жұмыстарын одан әрі жүргізу жөніндегі жоспарлары қаралды", - деп жазылған хабарламада.

© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана Үкіметте атом өнеркәсібін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті

Үкіметте атом өнеркәсібін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті

© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана

Премьер-министр ел экономикасының ұзақмерзімді әрі тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін атом энергетикасын дамытудың маңызды екенін атап өтті.

© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана Үкіметте атом өнеркәсібін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті

Үкіметте атом өнеркәсібін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті

© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана

Жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға өнеркәсіптік әлеуетті одан әрі дамыту және кен орындарын игеруден түсетін ұлттық экономикалық пайданы арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берілді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью