Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің үшінші отырысында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қатысты жаңа Салық нормаларын құқықтық қолдану мәселесі қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары Тимур Жәркенов атап өткендей, қазіргі уақытта іс жүзінде салалық мемлекеттік органдардың заңға тәуелді актілерінде құқықтық белгісіздік туындады. Атап айтқанда, мәселелер ТМККК, МӘМС тізбелеріне кіретін дәрілік заттардың, сондай-ақ орфандық және әлеуметтік маңызы бар аурулардың импорты мен дәріхана желілеріндегі бөлшек саудасына қатысты. ҚҚС-ты ескерсе немесе оны есептемегендегі дәрі-дәрмектің шекті бағасын қалыптастыру мәселесі де көтерілді.
Тимур Жәркеновтің айтуынша, импорттық дәрілік заттарды кедендік рәсімдеу кезінде кеден органдары аталған тізбелерге кіретін барлық дәрілік заттың нысаналы мақсатын растауды талап етеді. Бұл ретте мұндай талап қолданыстағы ережелерді кеңінен түсіндіру әрі бұл әкелінетін дәрілердің барлық санатына арналмаған.
Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов барлық дәрілік затты импорттау кезіндегі міндетті шарт фармацевтикалық немесе медициналық қызметке лицензияның болуы, мемлекеттік тапсырыс бойынша берілетін дәрілер үшін ТМККК/МӘМС шеңберіндегі жеткізу шарты, сондай-ақ тауарды мақсатты пайдалану туралы жеткізушінің міндеттемесі екенін түсіндірді.
Тіркелген дәрілік затты импорттау кезінде Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тіркеу талап етіледі. Тіркелмегендерге Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсат құжаты қажет. Бұл ретте нысаналы мақсатты растау Қазақстан аумағында өндіріс үшін пайдаланылатын дәрілік субстанциялар мен балк-өнімдерді импорттау кезінде ғана қажет.
Талқылау қорытындысында мәселе Жобалық кеңсенің отырысында шешілді. Қолданыстағы ережелерге өзгеріс енгізіліп, дәрілік заттардың импорты жөніндегі ұстаным жұмыста қолдану үшін таяуда кеден органдарының аумақтық бөлімшелеріне жеткізілмек.
Жаңа 4 фармацевтикалық зауыт салынады: Елімізде қандай дәрі-дәрмектер өндіріледі?
Тағы бір мәселе орфандық және әлеуметтік маңызы бар ауруды емдеуге арналған дәрілік затты ҚҚС-тан босатуға қатысты. Қазіргі уақытта дәріханалар мұндай дәрі-дәрмекті жеткізушілерден сатып алудан бас тартып отыр. Себебі жеткізушілер қолданыстағы ереже тек импорт кезінде ғана емес, көтерме және бөлшек сауда да ҚҚС-тан босатылатынына қарамастан 5% және 16% ставкаларын қолданады. Бұл норма әлеуметтік маңызы бар дәрі-дәрмекті бөлшек саудасына қол жеткізуге арналған.
Талқылау қорытындысы бойынша, Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті МКК-мен бірлесіп, қысқа мерзімде бірыңғай ұстанымды әзірлеп, оны фармацевтикалық қоғамдастықтың назарына жеткізуі тиіс.
ҚҚС есептелген немесе ол қосылмаған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға шекті бағаларды бекіту мәселесі де талқыланды. Бұл ретте салық төлеуші ҚҚС-ты шекті бағадан тыс есептеуге құқылы. Өйткені ол нақты өткізу бағасы емес, жол берілетін жоғарғы шек қана.
Денсаулық сақтау министрлігі мен МКК қысқа мерзімде осы мәселе бойынша бірыңғай шешім әзірлеп, оны бизнес-қоғамдастыққа жеткізеді.
МКК тарапынан денсаулық сақтау саласына байланысты ҚҚС бойынша нормаларды қолдануға байланысты бірқатар мәселе айтылды. Олардың барлығы Жобалық кеңсенің отырысында қаралды. Жақын арада бизнесті ақпараттандыру үшін МКК ресурстарында жарияланады.
Өткен аптада салық органдарына, Ұлттық экономика министрлігіне және «Атамекен» ҰКП-ға 16,1 мың өтініш келіп түсті. Бұл өткен аптамен салыстырғанда 3,4 мыңға аз. 16 мыңға жуық өтініш МКК коммуникациялар арналары арқылы келіп түсуде. Олар салықтық әкімшілендіру мәселесіне қатысты.
Соңғы жаңалықтар
Ресей елшілігі адыраспанға байланысты ел тұрғындарына ескерту жасады
Оқиға • Бүгін, 20:34
Семейде Жаңа Конституция туралы жалған ақпарат таратқан тұрғын жазаланды
Оқиға • Бүгін, 20:10
Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 19:50
«Армия аналар көзімен»: Әскери бөлімдерде ашық есік күні өтті
Әскер • Бүгін, 19:36
Креативті жастар қалыптастырған болашақ
Жастар • Бүгін, 19:12
Үнзила Шапақ: Адам құқықтары – жаңа Конституцияның өзегі
Ата заң • Бүгін, 18:45
Жанарбек Әшімжанов: Халық Кеңесі мемлекеттік шешімдерге нақты ықпал ететін тиімді механизм
Ата заң • Бүгін, 18:32
Асхат Рақымжанов: Конституция – нормалар туралы әңгіме емес
Ата заң • Бүгін, 18:05
Қазақстан Халық партиясының фракциясы елдегі конституциялық реформаны қолдады
Ата заң • Бүгін, 18:00
Атырауда студентті жазалаған мұғалім жауапкершілікке тартылды
Білім • Бүгін, 17:57
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Ата заңның жаңа жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:54
Астана халқы бір жылда 100 мыңнан астам адамға көбейді: Өңірлердегі ахуал қандай?
Қазақстан • Бүгін, 17:42
«Ауыл» фракциясының депутаттары Ата заң жобасын бірауыздан қолдады
Ата заң • Бүгін, 17:39
Әсет Ерғалиев Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:30
Сақтандыру полисін қалай дұрыс таңдауға болады?
Қоғам • Бүгін, 17:22