Үкіметте ЭКСЖ бойынша артта қалған әкімдіктерге ескерту жасалды

02.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Бүгінде 2026 жылға арналған ТКШ саласындағы инвестициялардың жалпы көлемі 1,2 трлн теңге болды. Бұл ретте ұлттық жоба тетігі бойынша — 634 млрд теңге, ал инвестициялық бағдарламалар аясында тағы 542 млрд теңге қамтылған.

ЭКСЖ электронды платформасы арқылы конкурстық рәсімдерді өткізуге дайын 482 млрд теңге сомасына 206 жоба ескерілген. Оның ішінде 168 жоба бойынша белсенді жұмыстар жүріп жатыр.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Инфрақұрылымның тозуын төмендетуге бағытталған тиісті жоспардың толықтай орындалуына қарамастан, бірқатар өңірде 2026 жыл бойынша Ұлттық жобаны іске асырудың бекітілген кестесінен айтарлықтай артта қалуы жағдайы анықталды:

— Жылумен жабдықтау саласында Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы және Абай облыстары кестеден артта қалып отыр.

— Электр энергиясымен қамтамасыз ету саласында: Абай, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстары.

— Сумен жабдықтау саласында: Батыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар облыстарында, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында.

— Су бұру саласында: Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Абай облыстарында және Астана қаласында.

Сонымен қатар келер жылға өтінім беру кезінде өңірлердің белсенділігі төмен екені мәлім болды.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Вице-премьер 2027 жылға қарай әкімдіктер ТКШ саласында «қызыл аймақ» деңгейінде тұрған нысандардың жағдайын толықтай дұрыстауы керек екенін атап өтті. Сәуір айының соңына дейін ЭКСЖ платформасына барлық қолда бар жобалар бойынша өтінімдер беруді қамтамасыз ету тапсырылды, бірінші кезекте — «қызыл аймақтағы» кәсіпорындар ескерілуі тиіс. Егер бекітілген мерзімде іске аспаса және сапасыз орындалған жағдайда, жауапкершіліктің жекелей шаралары қабылданады.

Жобаларды қаржыландыру мен ТКШ-ны цифрландыру

Атап айтқанда, отырыс барысында қаржыландыру мәселелері де қаралды. Ұлттық жоба аясында «Бәйтерек» холдингі 1500-ден астам өтінімді пысықтады, оның ішінде екінші кезеңде 520,6 млрд теңге сомасына 231 өтінім келісілді. Қаржыландыру «Қазақстанның Даму банкі» АҚ және екінші деңгейдегі банктер желісі бойынша тікелей кредиттеу арқылы, сондай-ақ әкімдіктердің мемлекеттік бағалы қағаздарын сатып алу тетігі бойынша қарастырылған.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Бүгінде 231 жобаның 37- сіне қатысты жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, яғни бұл жобалар іске асыруға дайын.

Отырыс күн тәртібінің жеке блогы саланы цифрландыруға арналды. ТКШ-да деректерді жинау, беру және талдаудың көп деңгейлі жүйесін қалыптастыру қажет екені атап өтілді. Мұндай жүйе «төменнен жоғары» қағидаты бойынша жұмыс істеуі тиіс — тұтынушылардан коммуналдық кәсіпорындарға дейін. Бұл деректер EnergyTech және WaterTech платформаларына интеграцияланады және Smart Turmys жүйесімен үйлестірілмек.

Сондықтан Энергетика, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктеріне, сондай-ақ «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ-ға тиісті тапсырмалар берілді.

Айта кетейік, жақында елдегі 10 ЖЭО «қызыл аймақта» тұрғаны хабарланды.

Бұған дейін 2026 жылы Smart Turmys бірыңғай коммуналдық қызмет платформасы іске қосылатынын жазған едік.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью