Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Кеше Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік саласын дамыту мәселелері қаралды.
Кеңеске әлеуметтік блокқа жауапты салалық министрліктердің басшылығы, сондай-ақ облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты. Денсаулық сақтау саласы бойынша аурулардың алдын алу мен оларды ерте анықтау бағыттарын күшейту, оның ішінде скринингтік бағдарламаларды дамыту, сондай-ақ халық үшін стоматологиялық көмектің қолжетімділігін арттыру мәселелері талқыланды.
Білім саласында мектепке дейінгі және орта білім берудің өзекті мәселелері, педагог кадрларды даярлау, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыттары қаралды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бағыты бойынша әлеуметтік саланың Бірыңғай цифрлық платформасының жұмыс тиімділігіне талдау жасалды.
Ғылым және жоғары білім мәселелері жеке блок ретінде қаралып, атап айтқанда, білім беру тапсырысын қалыптастыру, кадр даярлаудың практикаға бағдарлануы және еңбек нарығының нақты сұранысына сәйкестігі сөз болды.
Сонымен қатар өңірде бұқаралық спортты дамыту, спорттық инфрақұрылымның қолжетімділігін арттыру және туризм саласын дамыту шаралары талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша Аида Балаева бірқатар нақты тапсырма берді.