Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Сейсенбі, 10 ақпанда, Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сейсенбі, 10 ақпанда, Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Отырыста премьер-министр Олжас Бектеновтің, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің, премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің, сондай-ақ, бірнеше өңір әкімдерінің баяндамалары тыңдалады.
10:23 Отырыс премьер-министр Олжас Бектеновтің баяндамасынан басталды. Премьер Президентке ел экономикасын нығайту бойынша берілген тапсырмалардың орындалуы туралы айтты.
"Салық және бюджет реформасы Ұлттық қордан мақсатты трансферттер алмай-ақ, елдің үш жылдық бюджетін қалыптастыруға мүмкіндік берді. Бюджет тапшылығы 2028 жылға қарай ЖІӨ-нің 0,9 пайызына дейін жоспарлы түрде қысқарады. Жергілікті бюджеттердің республикалық бюджетке тәуелділігі 2025 жылғы 50 пайыздан 2028 жылы 34 пайызға дейін төмендейді", - деп баяндады Олжас Бектенов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!