Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен уақытша бітім режимін 6 мамыр түнгі сағат 00:00-ден бастап енгізетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің Telegram-арнасында жазды.
«Адам өмірі кез келген мерекеден әлдеқайда қымбат. Сондықтан біз 5 мамырдан 6 мамырға қараған түні сағат 00:00-ден бастап тыныштық режимін жариялаймыз», – деді Зеленский.
Оның айтуынша, Киевке ресми түрде атысты тоқтату шарттары жөнінде ешқандай ұсыныс түспеген. Бұған дейін Зеленский Мәскеуде өтетін 9 мамыр Жеңіс парадына соққы беру мүмкіндігін ескерткен болатын.
Еске сала кетсек, Ресей Қорғаныс министрлігі 4 мамырда Жеңіс күніне орай 8–9 мамырда Украина аумағында атысты тоқтату туралы шешім қабылдағанын жариялаған еді.
Бүгін, 19:14