Украина АҚШ қа КҚК ға соққы бермеуге уәде берді Bloomberg

08.08.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

БАҚ мәліметінше, Украина Ресеймен байланысы жоқ танкерлерге, сондай-ақ, Қара теңіздегі қазақстандық мұнай экспортталатын Каспий құбыр консорциумының (КҚК) инфрақұрылымдық нысандарына соққы жасамауға келісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Толық мәліметті бірнеше танымал БАҚ Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап таратты.

"Америкалық шенеуніктердің бірінің айтуынша, Украина Ресеймен байланысы жоқ кейбір мұнай танкерлеріне, сондай-ақ, Қара теңіздегі қазақстандық мұнай экспорты үшін маңызы зор инфрақұрылым нысандарына соққы жасамауға келіскен. Бұл шешім өткен айда кемелерге жасалған шабуылдар салдарынан оларға жүк тиеу жұмыстары тоқтап қалғаннан кейін қабылданды", - делінген жарияланым мәтінінде.

Америкалық шенеуніктің сөзіне қарағанда, келісім аясында Украина Каспий құбыр консорциумының инфрақұрылым нысандарына және оның терминалына бағыт алған ресейлік емес кемелерге соққы беруден қалыс қалуға міндеттелген. Бұл ретте кемелер Украинаның санкциясына ілікпеген және ресейлік жүктерді тасымалдамауға тиіс.

Сонымен қатар, БАҚ-тың мәліметінше, кемелер Ресейдің жеке немесе заңды тұлғаларына тиесілі болмауы керек.

Анықтама: Каспий құбыр консорциумы Ресейдің, АҚШ-тың, Қазақстанның және бірқатар Батыс Еуропа елдерінің отын-энергетика кешеніндегі ірі кәсіпорындарының басын қосады. Атап айтқанда, КҚК Қазақстанның үш ірі кен орны: Теңіз, Қашаған және Қарашығанақтан мұнай тасымалдауды қамтамасыз етеді. Бүгін КҚК - қазақстандық мұнай экспортының негізгі бағыты. Жыл сайын еліміз бұл құбыр арқылы кемінде 60 миллион тонна мұнай жөнелтеді.

Еске салайық, 19 шілдеде Қара теңіз айдынындағы КҚК теңіз терминалында жүк тиеу операциялары кезінде ASIA және NISSOS IOS атты екі танкерге дронмен шабуыл жасалған болатын. Бұл кемелер Қазақстанда өндірілген мұнайды тиеп жатқан еді. Танкерлер бортында халықаралық экипаж мүшелері болды. Осыған байланысты Қазақстанның Энергетика және Сыртқы істер министрліктері мәлімдеме жасады.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью