Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Запорожье облысындағы Александров бағытында Украина Қарулы күштері ресейлік бөлімшелерді тоқтатып, қарсы шабуыл әрекеттерін жүргізіп жатыр. Бұл туралы Украинаның оңтүстік қорғаныс күштерінің өкілі Владислав Волошин мәлімдеді.
Оның айтуынша, украин әскері кейбір учаскелерде бастаманы өз қолына алып, қарсы шабуылдар арқылы ресейлік күштерді қорғанысқа көшуге мәжбүр еткен. Сонымен қатар Украина әскері 400 шаршы шақырымнан астам аумақты қайта бақылауға алған.
Волошиннің сөзінше, украин бөлімшелері қарсыластың күштерін оқшаулап, қосымша әскер әкелуіне мүмкіндік бермей отыр. Шабуылға қатысқан бірнеше ресейлік бөлімше ауыр шығынға ұшырап, олардың шабуыл жасау мүмкіндігі әлсіреген. Қазір оларды толықтыру үшін артқа әкетіп жатқаны айтылды.