Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путиннің Украинамен қақтығыс жақын арада аяқталуы мүмкін екені туралы мәлімдемесінен кейін Киев Батыс елдерінің, әсіресе Польшаның қолдауынсыз қалуы ықтимал, деп жазды Newsweek.
Басылымның мәліметінше, қатығыстың ұзаққа созылуы көрші елдерді шаршатқан. Соның салдарынан Украинаға деген қолдау әлсіреуі мүмкін.
"Әсіресе Польша осы уақытқа дейін Киев пен Батыс арасын байланыстырушы серіктестердің бірі болғандықтан, екі ел арасындағы қатынастың нашарлауы Украина үшін қиындық туғызуы ықтимал", - деп жазылған мақалада.
Сондай-ақ мақалада Польшада билікке оңшыл көзқарастағы президенттің келуі де жағдайға әсер еткені айтылған.
Бұдан бөлек, экономикалық қиындықтар мен шешілмеген мәселелерге байланысты Варшава Украинаға көмекті азайтқан. Алайда Польша аумағы әлі де Украинаға әскери және гуманитарлық көмек жеткізуде маңызды рөл атқарады.