Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Германия канцлері Фридрих Мерц Украинаның Еуропалық одаққа толыққанды мүшелікке бірден өте алмайтынын, алдымен қауымдастырылған мүшелік кезеңінен өтуі қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
"Соғыс жағдайындағы Украина сияқты мемлекет Еуропалық одақтың толыққанды мүшесі бола алмайды. Алайда ол алдымен қауымдастырылған мүше мәртебесін алып, кейін толыққанды мүшелікке өте алады", – деді канцлер Еуропалық кеңес отырысының қорытындысы бойынша өткен кездесуде.
Сонымен қатар, Мерц ЕО-ға мүшелікке үміткер елдердің қолданыстағы еуропалық келісімдерге өзгерістер енгізбестен-ақ қауымдастырылған мүше мәртебесін алу мүмкіндігі бар екенін атап өтті.
Мамыр айында Frankfurter Allgemeine Zeitung басылымы Мерцтің Украинаға Еуропалық одақтың қауымдастырылған мүшесі мәртебесін беруді және оған ЕО туралы шартта көзделген өзара қорғаныс жөніндегі міндеттемелерді таратуды ұсынғаны туралы хабарлаған болатын.
2022 жылдың маусымында Украина мен Молдова Еуропалық одаққа мүшелікке кандидат ел мәртебесін алды. ЕО өкілдері бұл шешімнің едәуір дәрежеде саяси әрі символдық сипатта болғанын және Киев пен Кишиневке Мәскеумен арадағы текетірес жағдайында қолдау көрсету мақсатында қабылданғанын бірнеше рет мәлімдеген.