Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. АҚШ-тың НАТО жанындағы тұрақты өкілі Мэтт Уиттакер Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша шешілмеген нәзік мәселелер ғана қалғанын айтты.
"Біз бейтшілікке өте жақынбыз, бұрын-соңды болмаған деңгейде жақындадық. Нәзік мәселелер мен жекелеген нюанстар бар, олар бәрінен де белсенді жұмысты талап етеді. Бірақ егер бейбітшілікке мүмкіндік болса, біз соған ұмтыламыз. Менің ойымша, ондай мүмкіндік бар", – деді Уиттакер Fox News-ке берген сұхбатында.
Оның айтуынша, қазір тараптар келіссөздің өте нәзік кезеңіне келіп тірелген.
Ол Майамиде демалыс күндері өтетін келіссөздер келісімге қол жеткізу қаншалықты мүмкін екенін көрсететінін атап өтті. Уиттакердің айтуынша, сол кездесуде ЕО, Киев және АҚШ мақұлдаған жоспар талқыланады.