Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Киев "Дружба" құбырын жөндеуді аяқтады, деп мәлімдеді Владимир Зеленский, деп хабарлайды РИА Новости.
"Украина "Дружба" мұнай құбырының бір бөлігін жөндеуді аяқтады. Мамандар құбыр жүйесі мен жабдықтарын қайта пайдалануды қалпына келтіру үшін негізгі жағдай жасады", - деп жазды ол Telegram арнасында.
27 қаңтарда Украина зақым кеггенін алға тартып, "Дружба" құбыры арқылы Словакия мен Венгрияға ресейлік мұнайдың транзитін тоқтатты. Будапешт пен Братислава құбырдың бүтін екенін және Киевтің оларды тек бопсалауға тырысқанын айтты.
Венгрия жауап ретінде Украинаға дизель отынын жеткізуді тоқтатты және Еуроодақтан 90 миллиард еуро несие беруді бұғаттады. Қазіргі премьер-министр Виктор Орбан алдымен ресейлік мұнайды айдау керек, содан кейін Будапешт несиеге ветосын алып тастайды деп талап етіп отыр. Алайда Брюссель мен Киев керісінше әрекет еткісі келеді.
Бір күн бұрын Венгрияның болашақ премьер-министрі Петер Мадьяр Зеленскийді "Дружба" мұнай құбырымен өз елін бопсалауды тоқтатуға шақырып, транзитті қайта бастауды талап етті.
Словакия бұған дейін Еуропалық комиссия осы мәселеге раласпаса, Еуроодақтың Ресейге қарсы 20-шы санкциялар енгізуіне рұқсат бермейтінін ескерткен болатын.