Украина елшісінің мәлімдемесі Германияда сынға ұшырады

04.08.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Германиядағы "Сара Вагенкнехт одағы – Парасат пен әділдік үшін" партиясының сыртқы саясат жөніндегі сарапшысы Севим Дагделен X әлеуметтік желісінде Украинаның Германиядағы елшісі Алексей Макеевтің Ресейге қатысты айтқан сөзін сынға алды.

"Украина елшісі Германия азаматтарына кімді сайлау, кімді сайламау керектігін айтып отыр. Бұл – дипломатия емес, басқа елдің ішкі ісіне араласу", – деді ол.

Дагделеннің пікірінше, Германия үкіметі елшіні шақырып, оның мәлімдемесіне түсініктеме талап етуге тиіс еді.

Бұған дейін Алексей Макеев Германияда Ресеймен тығыз байланысы бар саяси партиялар жұмыс істейтінін мәлімдеген болатын. Осы сөзінен кейін неміс саясаткерлері оның мәлімдемесін елдің ішкі саясатына араласу ретінде бағалады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью