Украина Лукашенкоға санкция енгізді

20.02.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Президент Владимир Зеленский 18 ақпанда телеграм-арнасында Лукашенкоға санкция енгізілетінін жариялады, деп хабарлайды BBC News Русская служба.

Ол Беларусьтің үш мыңнан астам кәсіпорны Ресейге техника, жабдық және маңызды компоненттер жеткізіп отырғанын айтты. Зеленскийдің сөзінше, энергетикалық нысандар мен теміржолдарға жасалған кейбір шабуылдар Беларусь көмегінсіз мүмкін болмас еді.

Украина президентінің сайтында жарияланған жарлыққа сәйкес, Лукашенкоға қарсы санкциялар оның активтерін бұғаттауды, сауда операциялары мен транзитті толық тоқтатуды, мемлекеттік наградалардан айыруды, елге кіруге тыйым салуды, инвестиция мен жекешелендіруге қатысуға шектеу қоюды, сондай-ақ қаржылық, сауда, мәдени және өзге байланыстарды тоқтатуды қамтиды.

Беларусь оппозициясының жетекшісі Светлана Тихановская Украина санкцияларын құптап, Лукашенконың Ресей соғысына тікелей қатысы бар екенін атап өтті.

Бүгін, 14:19

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью