Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Словакия премьер-министрі Роберт Фицо Еуропалық одақ кадрлық өзгеріс жүргізбесе және ЕО премьер-министрлері немесе президенттерінің бірі көшбасшы рөлін өз мойнына алмаса, Украинадағы жағдайды реттеу бойынша келіссөзге қатыса алмайды деп санайды.
"Қазір Еуропалық одақ өкілдері Украинадағы соғысқа қатысты бейбіт бастамаларда белсенді болуымыз керек, келіссөз жүргізуіміз керек деп айта бастады. Кешіріңіз, бірақ кім Калласпен (еуродипломатия басшысы– ред.) немесе Урсула фон дер Ляйенмен (еуро комиссиясы басшысы – ред.) келіссөз жүргізеді? Ондай тұлға ірі лидер, ірі мемлекеттердің бірінің премьері немесе президенті болуға тиіс", – деді Фицо "Субботние диалоги" бағдарламасында.
Ол Еуропалық одақтан біреу одақ атынан келіссөз жүргізетін көшбасшы рөлін алуы қажет екенін атап өтті. Фицо бұл мәселені Франция және Германия басшыларымен талқылағанын хабарлады.