Украина маусымда қарызды өтеуге 400 млн доллардан астам қаржы жұмсаған

13.07.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Украина маусым айында мемлекеттік қарызды өтеуге 400 миллион доллардан астам қаржы төлеген. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің ресми сайтында жарияланған деректерде айтылған.

"Мемлекеттік қарызға шетел валютасымен қызмет көрсету және оны өтеуге 269,7 миллион доллар төленді. Оның ішінде 211,5 миллион доллар Дүниежүзілік банк алдындағы қарызға қызмет көрсету және оны өтеуге бағытталды", – делінген хабарламада.

Реттеушінің мәліметінше, бұдан бөлек Украина Халықаралық валюта қорына (ХВҚ) 171,5 миллион доллар төлеген.

Ұлттық банк дерегіне сәйкес, мамыр айында Украина мемлекеттік қарызды өтеуге 400 миллион доллардан сәл астам, ал сәуірде 970 миллион доллардан астам қаражат жұмсаған.

Елдің Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, 31 мамырдағы жағдай бойынша мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз көлемі 210,6 миллиард долларды құрады.

2026 жылға арналған бюджетте шығыстар шамамен 116 миллиард доллар, ал кірістер 68,6 миллиард доллар көлемінде жоспарланған. Киев бюджет тапшылығын сыртқы қаржыландыру есебінен жабуды жоспарлап отыр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью