Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Украина мен АҚШ делегацияларының Майамидегі келіссөзі мерзімінен бұрын аяқталды, деп хабарлады Kyiv Post газетінің журналисі Алекс Рауфоглу.
"АҚШ пен Украина арасындағы келіссөз жоспарланған уақыттан ертерек аяқталды. Екінші күн болмайды", — деп жазды журналист X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Қыркүйек айында АҚШ Украинадағы соғысты тоқтату үшін келіссөзді жандандыра түсті. АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф пен Америка көшбасшысының күйеу баласы Джаред Кушнер Мәскеу мен Киевке барып, қақтығысты аяқтаудың ықтимал жолдары жөнінде келіссөз жүргізді.