Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Жиынды комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров бұған дейін шетелде 82 учаске ашылады деген мәлімет болғанын атап өтті.
— Қазір сіздердің бізге берген мәліметтеріңізге байланысты бұл сан өзгеріп отыр. 80 учаске шетелдерде ашылады. Осы өзгеріс немен байланысты екенін түсіндіріп берсеңіз, — деді ол Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар бойынша елшісі Ерлан Әлімбаевқа.
Министрлік өкілі қазіргі халықаралық жағдайға байланысты 64 емес 62 елде орналасқан 80 учаскені тіркеу туралы шешім қабылданғанын айтты.
— Ол негізінен халықаралық және геосаяси жағдайға байланысты болып отыр. Оның ішінде Украина мен Эфиопиядағы учаскелерімізде референдум бойынша дауыс беруді өткізбеу туралы шешім қабылданды. Өйткені, Украинадағы азаматтарымызды саны күрт азайды. Тіркеуде 500-дей азаматымыз болған. Олардың көбі ол елде жоқ, сыртқа шығып кетті. Көбі Қазақстанда жүр. Ал Эфиопияда 5 азаматымыз тіркелген. Олар — елшіліктің қызметкерлері. Олардың екеуі ғана сол жерде болады. Екеуі Каирге барып дауыс береді, — деді Ерлан Әлімбаев.