Украина президенті аппаратының бұрынғы басшысы Ермак тұтқындалды

14.05.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Украинаның Жоғарғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы соты Президент кеңсесінің бұрынғы басшысы Андрей Ермакты 460 миллион гривенді (4,8 миллиард теңге) заңдастыру ісі бойынша қамауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz украиналық БАҚ-қа сілтеме жасап.

Украинаның Жоғарғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы соты Президент кеңсесінің бұрынғы басшысы Андрей Ермакты 460 миллион гривенді (4,8 миллиард теңге) заңдастыру ісі бойынша қамауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz украиналық БАҚ-қа сілтеме жасап.

БАҚ мәліметінше, сот Ермакты 140 миллион гривен (1,49 миллиард теңге) кепіл сомасын төлеу мүмкіндігімен 60 күнге қамауға алды. Бұл ретте Украинаның Мамандандырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы прокуратурасы 180 миллион гривен (1,9 миллиард теңге) кепіл сомасын сұраған болатын.

Сондай-ақ сот Ермакқа іс бойынша басқа күдіктілер: Чернышов, Миндич, Лысенко, Опальчук, Сиранчук, Медведевамен сөйлесуге тыйым салды.

Украина Президенті кеңсесінің экс-басшысы өз кінәсін мойындамады және "күресті жалғастыратынын" әрі апелляцияға беретінін мәлімдеді. Ол кепілге төлейтін 140 миллион гривені жоқ екенін, бірақ "кепіл сомасын төлеуге көмектесетін таныстары мен достары жеткілікті" екенін айтты.

"Менде кепілге беретін мұндай ақша жоқ, қазір адвокатым достарым және таныстарыммен жұмыс істейді. Мен кез келген айыптауды жоққа шығарамын. Жасыратын ештеңем жоқ, апелляцияға беремін", - деді Ермак.

Кейінірек украиналық депутат Ярослав Железняк Ермак үшін 140 миллион гривен кепіл сомасы бүгін-ақ төленетінін мәлімдеді. Қаржы көзі ретінде заңгерлік ортаның түрлі өкілдері көмектеспек.

Еске сала кетейік, Андрей Ермак Украина Президентінің кеңсесін 2020 жылдың ақпанынан бастап басқарып келген. Ол Владимир Зеленскийдің негізгі серіктестерінің бірі және мемлекет басшысынан кейінгі елдегі ықпалы жағынан екінші адам саналған. 2025 жылдың қарашасында Ермак Украина энергетикасындағы сыбайлас жемқорлық жанжалы аясында қызметінен босатылған болатын.

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Қызылордада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамыту тақырыбында форум өтті

12 мамыр 22:48 2

11 мамырда Украинаның Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюросы (ҰСЖҚБ) Ермактың Киев түбіндегі элиталық құрылыс саласында 460 миллион гривенді "жылыстатуға" қатысы бар ұйымдасқан топқа қатысы бар күдікті ретінде танылғанын хабарлады.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью