Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
30 тамызға қараған түні Украина қорғаныс күштері Ресей аумағындағы бірқатар әскери және энергетикалық нысанға соққы жасады. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді.
Оның айтуынша, Орлов және Ростов облыстарындағы соққы дрондарын сақтау, дайындау және ұшыру орындары нысанаға алынған. Сондай-ақ Ейскідегі әскери аэродромға, Қара теңіздегі нысандарға және Ленинград облысындағы мұнай өңдеу зауытына соққы жасалған.
Зеленский осы аптада Башқұртстан мен Архангельск облысындағы нысандарға да алыс қашықтықтан соққы жасалғанын айтты.
Украина президенті мұндай операциялардың мақсаты Ресейдің соғыс жүргізуге пайдаланатын ресурстарын азайту екенін мәлімдеді. Сонымен қатар ол серіктес мемлекеттерді Ресейдің әскери инфрақұрылымына қатысты санкцияларды күшейтуге шақырды.