Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Вице-премьер Александр Новактың хабарлауынша, Украина қарулы күштері Саратов және Рязань облыстарындағы екі мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасауға әрекеттенген.
"Біз украин тарапының энергетикалық саладағы бітімге келуге ешқандай ниет танытпай отырғанын көріп отырмыз", — деді ол "Ресей энергетикалық апталығы" аясында.
АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін Мәскеу мен Киев арасындағы ықтимал келісімдер туралы мәлімдеген болатын.
Осы мәлімдемеге қатысты пікір білдірген президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков тараптардың өзара байланыста екенін атап өтті. Ол бұл мәселе бойынша айтарлықтай жаңалық болған жағдайда Кремльдің тиісті ақпарат беретінін қоса айтты.