Украинада тұтқында отырған ресейлік сарбазды отанында жерлеп тастаған

30.01.2026

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Украинада тұтқында отырған ресейлік әскери қызметші Федор Владимирович Любаев (02.03.1988 ж.т.) Челябинскіде жерленді. Бұрын сотты болған 1-ші жеке мотоатқыштар бригадасының сарбазы 2024 жылы тұтқынға түскен, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ол бір жарым жыл бойы тұтқын алмасу кезегін күткен, бірақ Ресей Қорғаныс министрлігінің салғырттығынан ол ескерусіз қалған. Тіпті, оны 2025 жылдың 14 шілдесінде «жерлеп те тастаған». Бұл туралы Федордың бұрынғы әйелі хабарлады. Әдеттегідей, жерлеу рәсімі жабық табытта өткен, ал ішінде кім жатқанын ешкім тексеріп жатпаған, деп мәлімдеді «Хочу жить» жобасы.

Бұл жағдайдың қисынсыздығы сонда — Ресейге қарағанда, Украина Халықаралық Қызыл Крест комитеті (ХҚКК) өкілдерінің әскери тұтқындарға баруына кедергі келтірмейді. Ресей ХҚКК арқылы өз тұтқындары туралы толық ақпарат алып отыр. Ал Ресейдегі қамау орындарында отырған украиналықтарға ХҚКК өкілдері жіберілмейді, сондықтан украин сарбаздарының тұтқында екені туралы мәліметті түрлі бейресми жолдармен іздеуге тура келеді.

Тіпті ХҚКК-ден нақты деректер алып отырса да, Ресей өз адамдарының есебін түгендей алмай отыр. Ресейлік әскери қызметші тұтқында отырса, әскери бөлімдегі туыстарына оны «бөлімді өз бетімен тастап кетті» (СОЧ) дейді, жедел желіде «хабар-ошарсыз кетті» деп жауап береді, ал омбудсмен Москалькованың тізімінде ол «қаза тапқандар» қатарында тұрады. Олардың өз адамдарына деген немқұрайлылығы сондай, РФ омбудсменінің аппараты арқылы Курск облысының «жоғалған» тұрғындарының жалған тізімдерін ашық жариялаған.

Сондай-ақ, қаза тапқан және хабарсыз кеткен сарбаздардың туыстарына телефон соғып, олар «тұтқындар лагерінде отыр» деген желеумен хат жазып, сәлемдеме жіберу үшін киім өлшемдерін сұраған жағдайлар да болған. Қаза тапқандардың тізімі мен тұтқындардың тізімін шатастырып алу олар үшін үйреншікті жағдайға айналғандай.

Мұндай салғырттық қаза тапқандардың мәйіттеріне қатысты да байқалады. Ресей репатриация (мәйіт алмасу) кезінде Украинаға өз сарбаздарының денесін жиі өткізіп жібереді екен. Келесі репатриацияда Ресейге бұрын Украинаға қателесіп немесе әдейі берілген өз әскери қызметшісінің мәйіті тағы да қайтарылмақ. 
 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью